«Шығанақ бағындырған шың» атты танымдық кеш

E-mail Печать PDF

    2021 жылдың 16 сәуірі күні сағат 14.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ZOOM платформасында ақ тарының атасы, даңқты диқан Шығанақ Берсиевтің 140 жылдығына орай «Шығанақ бағындырған шың» атты танымдық кеш өткізді.

    Мақсаты: Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің өмірі мен еңбек жолын насихаттау.
Онлайн шара барысында қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Бекзат Молдин Шығанақ бағындырған шыңды, тарының атасы аталған диқанның еңбегі мен жетістігі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудан¬дық өнер және өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері Дулат Исабаев музейде оның өмірі мен еңбек жолын наси¬хат¬¬тай¬тын шығармалар, суреттері, хаттар мен естеліктер, тарыны пай¬да¬-ла¬ну¬ға қажетті бұйымдар қойыл¬ғандығы туралы мәліметтермен бөлісті. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері «Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев: еңбек пен даңқ» тақырыбында баяндама жасап, слайд көрсетті. Сондай-ақ ақ тары¬ның атасы Шығанақ туралы бейнефильм көрсетіліп, шараға қатысушылар өз ойларын ор¬таға салды, естеліктер айтты.

Шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, кітап көрмесіне Азатгүл Қайнақаева библиографиялық шолу жасады.