Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!»

2024 жылдың 5 сәуірі күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Есет батыр атындағы Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушыларына нашақорлық және есірткіге қарсы күрес күніне орай дәрігер Мусина Ажар Мударисовнамен «Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» атты сұхбат өткізді.

Мақсаты: бірінші байлық – денсаулық екенін ұғындыра отырып, зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сұхбат барысында Ажар Мудрисовнаға «Жастар  арасында  нашақорлық  әдеті  өте  көп  тарап  кетті. Бұған  біз  кімді  кінәлаймыз?», «Нашақорлыққа, есірткіге тәуелділік қаламызда көп пе?», «Не үшін жасөспірімдер наша қолдануға барады? «Себепті нақты анықтай аламыз ба?», «Нашақорлықпен күрес қалай жүргізіледі?» деген сауалдар қойылып, мектеп жасындағы балаларға нашақорлық, есірткінің адам денсаулығына зиян екені туралы түсінік берді. Сонымен қатар «Қайда?» ойыны ойнатылып, нашақорлыққа қарсы бейнежазба көрсетілді.

«Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Толғанай Өміржанқызы библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС