Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Табиғатымен тамырлас туған талант»

2024 жылдың 12 сәуірі күні сағат 17.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №6655 әскери бөлімінің сарбаздарына жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Табиғатымен тамырлас туған талант» атты ақпараттық сағатын өткізді.

Мақсаты: жазушы Тобық Жармағамбетовтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын ояту. Жерін сүюге, отанын қорғауға, патриоттыққа тәрбиелеу.

Шара аясында жазушының «Отамалы» шығармасы талқыланып, сергіту сәтінде «Сұрақ-жауап» ойыны ойнатылды. Шараға қатысқан сарбаздар әсем ән шырқап, жазушы Тобық Жармағамбетов жайында бейнеролик тамашалады.

«Дархан-дарын жазушы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС