Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Бизнес және мен»

2024 жылдың 4 сәуірі күні С.Жиенбае атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында «Startap» жобасының оқытушысы Айдана Тангулова «Бизнес және мен» атты тренинг өткізді.

Мақсаты: кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт-бағдар беру. Кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу.

Тренингте жетістікке жету жолдары, көшбасшылық және жаңа бизнес жобаларды құру арқылы бизнес әлеміне ену мен кәсіпкерлік көзқарас қалыптастыру бойынша мәліметтер берді. Сонымен қатар бірнеше сауалдар қойылып, өзара пікір алмасты.

«Жасында жалында» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Ақниет Көшербайқызы библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС