Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қарымды жазушы – Сара Мыңжасарова»

2024 жылдың 3 сәуірі күні сағат 13.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында таңдалып алынған жазушы Сара Мыңжасарованың туғанына 100 жыл толуына орай №33 қазақ орта ЖББ мектебінің 8 класс оқушыларына «Қарымды жазушы – Сара Мыңжасарова» атты әдеби сағатын өткізді.

Мақсаты: қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет беріп, оның шығармаларын насихаттау.

Шара аясында кітапханашы Малика Акдавлетова жазушының шығармашылық жолымен таныстырып, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Сергіту сәтінде «Сұрақ-жауап» ойыны ойнатылды. Оқушылар жазушы туралы бейнеролик тамашалады.

«Кітап жазу – кен қазумен тең» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының шығармалары, баспасөз бетіне шыққан мақалалары қойылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС