Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Шешен сөздің шебері – Әйтеке би»

2024 жылдың 23 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Дүние жүзілік және авторлық құқық күніне және қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке би Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай «Шешен сөздің шебері – Әйтеке би» әдеби конференциясын өткізді.

Мақсаты: ұлы тұлғаның даналық ойларын жас ұрпақтың жадында жаңғыртып, тағылымын насихаттау. Жасөспірімдерді шешендік сөздер арқылы зерделі, білікті, ой-қиялы ұшқыр, тапқыр болуға тәрбиелеу.

Әдеби конференция қонақтары: Шайзада Ахметова – тарихшы, ардагер ұстаз; Гүлнар Төкешова – Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының бөлім меңгерушісі; Жанаргүл Ажигалиева – «Архив құжаттарын пайдалану және жариялау» бөлімінің басшысы; Нұргүл Ермекова – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» бөлім меңгерушісі; Сарин Әділбек – «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жыршы, «Ақтөбе облысының жыл адамы – 2023» атағының иегері; Темірхан Жетесов – жас жыршы;

Шарада өңір тарихшылары мен зерттеушілерінің басы бір арнада түйісіп, тарихи тұлға жайында мағлұматтар айтылды. Ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі – шешендік өнер хақында жас оқырмандарымызға ақпарат бере отырып, от ауызды, орақ тілді би бабамыз Әйтеке бидің өнегелі өмірі мен асыл сөздері жайында пікір алмасты. Жырау Әділбек Мұхидуллаұлы терме айтты. Шараны қорытындылау барысында жастарға сауалдар қойылып,   кітапхана директоры Гүлнар Рамазанқызы келген қонақтарға алғысын білдірді.

Іс-шара аясында Әйтеке бидің ғибратты ғұмырынан сыр шертетін кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, библиографиялық шолу жасалып бейнеролик тамашалады. Әдеби конференцияға  Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің студенттері, №45 ЖББО мектебінің оқушылары мен мектеп кітапханашылары жиналды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС