Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Сенше Жайық арнамнан төгілер ем…»

2024 жылдың 10 сәуірі күні сағат 11.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығы, «Алаш» сыйлығы, «Отан» орденінің иегері, БҚО құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Жайықтың ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай «Сенше Жайық арнамнан төгілер ем…» атты әдеби поэзиялық кеш және ақынмен онлайн сұхбат өткізді.

Мақсаты: ақынның шығармашылығын жастарға таныту, қазақ әдебиетін насихаттау.

Кешке ақын, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі, Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі Нұрлыбек Қалауов, «Ар-Поэзиялық клубы»,  колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Поэзиялық кеш барысында ақын өзінің ақындық жолы, шығармаларының шығу тарихы жайлы естелік әңгімелер айтып, ұрпақ тәрбиесі мен ананың қоғамдағы рөлі жайлы өлеңдерін оқып, қонақтармен ой бөлісіп, жастардың қойған сұрақтарына жауап берді. «Ар-Поэзиялық клубы» мен мектеп оқушылары ақынның шығармаларын жатқа оқыды. Сонымен қатар кеш қонағы ақын Нұрлыбек Қалауов мерейтой иесі Ақұштап Бақтыгерееваға жылы лебізін білдіріп, сөз сөйледі. Кеш соңында ақынның шығармашылығынан әндер орындалып, кітапхана директорының у.м.а. Алтынгүл Асқарқызы мерейтой иесі, ақын Ақұштап Бақтыгерееваны құттықтап, ризашылығын білдірді.

Кеш қонақтары, студенттер арнайы дайындалған кітап көрмесінде ақын Ақұштап Бақтыгерееваның туындыларымен танысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС