Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Венок памяти» телекөпірі

2024 жылдың 20 наурызы күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Павел Васильевтің мұражай үйімен бірлесе ZOOM платформасында ХХ ғасырдың көрнекті ақыны П.Н.Васильевтің туғанына 115 жыл толуына арналған «Венок памяти» атты халықаралық поэзия телеконференциясын өткізді.

Мақсаты: Осындай телекөпірді ұсына отырып, біз Қазақстан мен Ресей жазушылары мен оқырмандарын біріктіріп, әдебиеттің қазіргі қоғамның мәдени өмірінде алатын орасан зор маңызын атап өтіп, П.Н.Васильев поэзиясына одан әрі қызығушылықтарын арттыру. Ақынның шығармашылығын насихаттау.

Спикерлер: Серік Елікбай – Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы; Ольга Николаевна Григорьева – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Мерц Зақия Саясатқызы – Павел Васильев мұражай үйінің меңгерушісі; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі – Кошанова Шынара Манарбекқызы;

Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің ақын есімімен байланысты қалалары: Өскемен, Семей, Петропавл, Ақтөбе, Мәскеу, Омбы, Владивосток және т.б. қалалардан қатысты. Сонымен бірге Павел Васильевтің қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдері оқылып, ақын жайында көптеген деректер мен мәліметтер айтылды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС