Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

2021 жылдың 19 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @biblioteka_zhienbaeva инстаграм парақшасында тікелей эфирде «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне теріс қарым-қатынасты қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу. Осы мәселеге қатысты креативті ойлайтын, білімді, өз пікірі мен нық ұстанымы бар тұлғаларды тәрбиелеу.Қоғам назарына ілінген сыбайлас жемқорлық, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы талқылау.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мақсат Данаұлы мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Калдина Гүлжайнар Нәренқызы, оқырмандар, кітапхана қызметкерлі қатысты.

Онлайн шара барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Мақсат Данаұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар мен сыбайлас жемқорлықтың себеп-салдарын жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар тегін call-байланыс орталығының (1424 нөмірімен) жұмысы туралы ақпаратты ұсынды, бұл желі арқылы барлық адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кеңес ала алады және құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлай алады,- дейді Мақсат Данаұлы.

Онлайн іс-шара барысында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді