Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Тарихымыздың тау тұлғасы, әрі биі – Сәңкібай батыр»

2022 жылдың 4 ақпаны күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Сәңкібай батырдың туғанына 335 жыл толуына орай Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББО мектебінде «Тарихымыздың тау тұлғасы, әрі биі – Сәңкібай батыр» атты тарихи-танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға тарихи тұлға, батыр әрі би Сәңкібай туралы мәлімет беріп, түсіндіру. Жасөспірімдерді адалдыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Сәңкібай батыр 1687-1804 жылдары Жем өзені бойында өмір сүрген тарихи тұлға, батыр әрі би. Әбілқайыр хан, тама Есет батыр, кете Әжібай бидің замандасы, пікірлесі болған. «Ақтабан шұбырынды» жылдары қалмақтарды Еділ, Жайықтан ығыстыру кезінде Әжібай би мен Арал батыр сарбаздарына көмектескен.

Іс-шара барысында кітапханашы Шырайлым Оралбайқызы қазақ халқының азаттығы, тәуелсіздігі жолында күрескен Сәңкібай батыр туралы әңгімелеп берді. Оқушылар Сәңкібай батыр туралы пікірлерімен бөлісіп, өзара талқылады. Соныман қатар батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер айтылып, өлеңдер оқылды.

Шарада «Қазақтың хас батырлары» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Жансәулем Темір библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС