Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ақ қауырсын» клубы

Жалпы ережелер

«Ақ қауырсын» ақындық клубы туралы осы ережесі (әрі қарай ереже) оны бекіткенге дейін клубтың негізгі базалық құжаты болып табылған «Ақ қауырсын» қызығушылықтар бойынша әдеби-ақындық клубының (әрі қарай Клуб) 2010  жылғы жарғысы негізінде құрастырылған.

Бұл ереже клуб отырысында қарастырылып, клуб мүшелерімен келісілді және оған қол қойған күннен бастап күшіне енді. Осы ереже клубтың қызметін үйлестіріп, реттейтін негізгі базалық құжаты болып табылады.

Клуб өз творчестволық және рухани қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында клуб мүшелерінің қызығушылықтарының бірыңғайлығы негізінде еркін түрде құрылған қоғамдық ұйым болып табылады.

Клуб поэзия мен проза сүюшілерді, дарынды балаларды, жас ақындарды біріктіретін шығармашылық, коммерциялық емес, саяси емес қоғамдық ұйым болып табылады, ол ортақ қызығушылықтар мен өзара сәйкес принциптердің негізінде барлық поэзия сүюші жандар мен клубқа кіргісі келетін адамдарды біріктіреді.

Қызығушылықтар бойынша клубтың барлық жұмысы оның мүшелері мен клубты басқару органдарымен жүзеге асырылады.

Клубтың атауы, рәміздері: эмблемасы, девизі бар, бұлардың барлығы Клубтың ортақ отырысында келісілген және Ақтөбе  облыстық С.Жиенбаев атындағы  жэасөспірімдер кітапханасының директорымен бекітілген.

Клуб әдеби және қоғамдық мерекелік шараларды ұйымдастырып, оған қатыса алады.Клуб отырысы 2 айда 1 реттен кем емес өткізіледі. Қызығушылықтар бойынша Клубтың отырыстарының күндері отырысқа Клубтың барлық мүшелерінің қатысу мүмкіндігі ескеріле отырып клуб басшылығымен бекітіледі.

Клубтың негізгі мақсаттары  мен міндеттері:

– Поэзияны сүюшілерді біріктіру, жастарды оқу мен әдеби шығармашылыққа баулу (ынталандыру);

– Клуб мүшелерінің қатарындағы авторлардың шығармаларын таныту, оларды әдеби ұжымдық және жеке жинақтарды басылымға шығару арқылы оқырмандарға жақындату, шығармашылық және тематикалық кештерді өткізу;

– Дарынды ақындарды анықтау, оларды шығармашылық даму процесінде қолдау, шығармашылықты жетілдіру және ынталандыру, осы қызметтің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;

– Тәрбиелік-ағартушылық қызмет, жастар арасында патриоттық сезімді  және жоғары рухани мәдениетті дамыту;

– Оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеуді дамыту;

– Әдеби шараларды өткізу арқылы оқушылардың демалыстарын  тиімді өткізуді ұйымдастыру;

– Ортақ мерекелерді дайындау және өткізу барысында басқа қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас құру.

Клуб жұмысының тәртібі:

Клуб кеңесі бір жылдық жұмыс жоспарын дайындап, оны барлық мүшелері мен қызығушылық танытқан тұлғаларға жеткізеді, алдағы әдеби шаралар  туралы ақпаратты жариялайды.

Оқу және әдеби-ағартушылық мақсатта клуб тематикалық және жалпы сипаттағы шараларды өткізеді (әдеби, фестивальдар, диспуттар, сайыстар, конференциялар, творчестволық есептер, оқырмандармен кездесу және т.б). Клуб өткізетін мерекелік шараларда тыңдармандар шараға қатысушылардың шығармаларымен танысады.

Клуб тек қана клуб мүшелеріне арнап қана емес, сондай-ақ басқа да авторлар, яғни классиктер мен қазіргі заманғы ақындарға да арналған шараларды ұйымдастырады.

Клуб басқа шығармашылық бірлестіктер және ұйымдармен шығармашылық байланысты қолдап отырады.Клуб авторлардың (клуб мүшелері) материалдарының мезгілді басылымдарда басылып шығылуына, Интернет желісінде  шығуына, сондай-ақ жеке кітаптар мен ұжымдық жинақтардың басылып шығылуына көп жәрдем береді.Отырыстарда клуб қажет болған жағдайда жаңа шығармаларды талқылауды жүзеге асырады.

Клуб мүшелерінің құқықтары:

Клубтың өткізетін барлық шараларға қатысу;

Клубтың біржылдық жоспарын дайындау мен талқылауға қатысуға;

Клуб жұмысы мен жоспарындағы өзгерістер туралы ақпаратты уақытылы алуға;

Өз шығармаларын басып шығару, сондай-ақ ұжымдық және жеке жинақтарды басып шығаруға қатысуға;

Клуб отырысында клубтың басқа мүшелерінің шығармаларын талқылауға;

Клуб отырысында баяндама немесе хабарлама оқуға;

Басылып шығарылған жеке жинақтарды ұсынуға;

Қажет болған жағдайда осы ережені өзгерту немесе толықтыру туралы ұсыныстарды енгізуге;

Клуб мүшелерінің құқықтары тең;

Клубтың әрбір мүшесі клубқа қатысуын немесе одан шығуын ерікті түрде шешуге құқылы;

Клуб мүшелері міндеттері:

Осы ережеге сәйкес өз шығармашылық қызметін жүзеге асыруға;

Клуб дамуында өз ниетін таныту, клуб алдындағы мақсаттарды жүзеге асыруға белсенді қатысу;

Клуб отырысына әрқашан да қатысу;

Клуб отырысында шешілген шешімдерді жүзеге асыру;

Клубтың ережелері мен дәстүрлеріне бағыну.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС