Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Сұхбаттар

Сұхбаттар
Қажығали Мұханбетқалиұлына 80 жыл (Рика Тв)
Қажығали Мұханбетқадиұлына 80 жыл (Рика Тв орыс тілінде)
Дәстүрге жол – 2022 (Ақтөбе Тв)
14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күні.Осыған орай Сағи Жиенбаев атындағы кітапхана қызметкерлері «Оқы және өзгеге ұсын» атты акция ұйымдастырды. Кітапхана оқырмандары осы шара аясында жеке кітаптарын тарту етті.(Ақтөбе Тв)
«Қалам-Құдірет» хабары – 11.10.2021ж.(Ақтөбе Тв)
Кітапханада Семей ядролық полигонының ардагерлерімен кездесу өтті (Рика Тв)
“Оқы және өзгеге ұсын” марафоны аясында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы тұрғындарды кітап оқуға шақырады. Аталмыш марафон 2011 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Бүгін кітапхана қызметкерлері “Қазпошта” мекемесіне 300 – дей кітап табыстады. (Рика Тв)
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай кітап сүйер қауым арасында тақырыптық іс-шаралар өткізілуде. Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында “Бір ел – бір кітап”республикалық акциясы аясында қонақтар мен оқырмандардың қатысуымен әдеби кеш өтті.(Рика Тв)
“Елдің баласы” хабарында Гүлжайнар Қалдина Qonysbek Terekuly You-Tube каналында
Ашық аспан астындағы кітапхана өз жұмысын Ақтөбеде бастады. Таза ауадағы оқу залы облыстық филармония ауданындағы аллеяда орналасқан. Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері қала тұрғындарының Ұлы Мәртебелі кітапқа деген сүйіспеншілігін оятқысы келетіндер идеяның авторлары болды.(Рика Тв)
Ақтөбенің ең көп кітап оқитын отбасы анықталды. Ерлан Сақтағановтың отбасы өткен сегіз айда 30-ға жуық кітапты оқып шыққан. Бұл отбасыда бес бала өсіп келеді. Қарт кісілер де бар. Ең көп кітап оқитын оқырмандарын бүгін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері отбасыкүнімен құттықтап барды.(Рика тв)
Гүлжайнар Қалдина (Рика ТВ) 28 қараша 2016 жыл
Оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Бүгін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жаңа ғимаратқа көшті. Кең де жылы, заманауи үлгіде жабдықталған кітапхана “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша жөнделген. Прохоров көшесі – 11. Бұл Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жаңа мекен жайы. 80 мыңға жуық кітап қоры бар кітапхананың 8 мыңнан астам оқырманы енді жайлы орында алаңсыз білімі мен ой-танымын кеңейте алады.
(Рика Тв)
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС