Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Абонемент

Абонемент
Абонемент бөлімі кітапхана ашылған күннен бастап оқырмандарға қызмет көрсетеді. Абонемент бөлімінің Оқырмандар құрамы әр түрлі. Олар: ғылыми қызметкерлер, зейнеткерлер, мұғалімдер, оқытушылар, жұмысшылар, студенттер, оқушылар және т. б.
Абонементте классикалық және қазіргі заманғы ұлттық әдебиет пен мәдениет туындылары, шетелдік көркем әдебиет, ғылыми-танымдық кітаптар ұсынылады. Бөлімге жазылу оқырманның жеке куәлігі бойынша жүргізіледі. Әдебиет негізінен ережелер бойынша 15 күнге беріледі.
Бөлім қызметкерлері кітап көрмелерін, оқырмандармен әңгімелер, әдеби кештер және басқа да мәдени іс-шаралар өткізеді.
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС