Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Оқы және өзгеге ұсын» акциясы

«Оқы және өзгеге ұсын» акциясы

Кітапханада жыл бойы «Оқы  және  өзгеге  ұсын» акциясы өткізіліп тұрады. 

Кітапхана классикалық және шетелдік көркем әдеби кітаптардан саябақтарда «Буккроссинг» ұйымдастырып оқырмандарға сыйға ұсынады.

Мақсаты: Жастарды оқуға тарту, шетел классик жазушыларының туындыларын насихаттау, оқырмандардың өз бетінше оқуын дамыту, көркем  әдебиетті насихаттау.

Кез-келген оқырман «Буккроссинг» көрмесінен  ұнаған кітабын таңдап,сыйға  алып, оқып,кейін досына, танысына, кітап сүйер оқырманға ұсынады.

Оқырмандарға ұсынылған бұл кітаптардың барлығы «Оқы және өзгеге ұсын» акциясы аясында қала тұрғындарынан қабылданған және кітапхананың есебінде тіркелмеген кітаптар.

Сонымен қатар Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесінің департаментіне қарасты КА 168/3 түзету мекемесінің кітапханасына жылына екі рет 200-ге жуық көркем әдеби кітаптар қайтарымсыз беріліп тұрады

Оқырмандар ұсыныс кітабына сыйға алған кітаптары үшін алғыстарын білдіріп ұсыныстарын жазады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС