«Әйел – Ана, Әйел – өмір, Әйел - жыр» атты мерекелік кеш

06.03.2019 00:00 Администратор
Печать

     2019 жылдың 6 наурыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел– Ана, Әйел – өмір, Әйел - жыр» атты мерекелік кеш өткізді.

     Мақсаты: Мерекелік көңіл сыйлау. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді, қыздарды мерекемен құттықтау.

 

     Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері 8-наурыз әйелдер мерекесімен барлық аналарды, қыздарды құттықтап, аналарға арнап әсем әндерімен көпшілікке көңіл-күй сыйлап, кешті әрлендіре түсті. Сонымен қатар өлең оқып, бишілер мың бұрала қазақ биін биледі. Шараға С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 40 жылдан аса еңбек етіп, басшылық қызметін атқарған кітапхана ардагері Сағым Досымқызы Қауымбаева және кітапхана саласының ардагерлері Татьяна Ивановна Кучер, Наталья Борисовна Лаптева қатысты. Кеш қонақтары кешке қатысушыларды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Қонақтар мерекелік дастарханнан дәм татты. Кітапхана директоры Калдина Гүлжайнар Нәренқызы кітапхана саласының ардагерлеріне ыстық лебізін білдіріп, сыйлық берді және кітапханамыздың қызметкері, көп балалы ана Тенелова Гүлнұрға ақшалай көмек көрсетті.

     «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Кеш өте көңілді өтіп, қонақтар естелікке суретке түсті.

Обновлено 29.05.2019 09:33