«Жүрегімді тербейді жыр ұшқыны» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

2019 жылдың 14 маусым күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жастар жылына» орай ақын, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл фестивалінің Гран-При жүлдегері және «Жас дарын» сыйлығының иегері, ҚР мемлекеттік стипендияның иегері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Қарағызұлымен «Жүрегімді тербейді жыр ұшқыны» атты кездесу кеші өтті.


Мақсаты: ақынның шығармаларын ұғындыру және қазақтың мәдениетін, өнерін, әдебиетін насихаттау.
Шарамызда оқырман ықыласына бөленіп, өз бағасын алған ақын Бауыржан Қарағызұлы сұхбаттасып, ақын өзінің қызықты сәттерімен бөлісті. Ақын Бауыржан Қарағызұлы өз кезегінде кешке жиналғандар алдында өзінің өлеңдерін оқып, шараға қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, кітапхана ұжымына алғысын айтты. Жиналған қауым сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды.Кітапханамыздың жастары ақынның өлеңдерін оқыды. Кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы жастармен кездескені үшін алғысын білдіріп, естелікке сыйлық берді.
Іс-шарада «Жыр әлемі - көркем әлем!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде қаламгердің шығармалары, баспасөз мақалалары қойылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнебаян тамашаланды. Кеш өз деңгейінде қызықты өтті.