Әлия –тарихымыз өшпес мәңгі атты патриоттық кеші

E-mail Печать PDF

6 мамыр күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Әлия мемориалды кешені жанында «Әлия тарихымыз өшпес мәңгі»атты Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алу үшін патриоттық сағатын өткізді.


Шараның мақсаты: қазақ халқының батыры, Әлия Молдағұлованың өмірімен таныстыру. Ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету.
Қатысушылар Әлия ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Шара барысында кітапханашылар Әлия Молдағұлованың өмірі, ерлігі туралы ақпарат берді. Жастар батырға, Ұлы Жеңіске арналған қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.
«Әлия – мәңгі өшпес тарих» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ғ.Байдербестің «Геройни Великой степи», «Әлия –ғасыр аруы», Ә.Оралбайдың «Әлия» тағыда басқа мерзімді басылымдар қойылды. Саябақта демалушы қала тұрғындарын кітапханаға шақырды.