«Артында дастан, жыр қалған...» атты жыр керуені эстафетасы

E-mail Печать PDF

2019 жылдың 24-29 сәуір аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай, «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында «Артында дастан, жыр қалған...» атты ақын Сарышолақ Боранбайұлының шығармаларын оқу эстафетасын қала колледждерінде өткізді.


М.Ломоносов атындағы қалалық кітапханасы 24 сәуір күні «Ұлы дала ақыны – Сарышолақ Боранбайұлы» атты жыр керуен эстафетасын жасөспірімдер кітапханасына жолдаған болатын.
Мақсаты: Жастар жылында Сарышолақ Боранбайұлының шығармасы мен өмірін таныстыру, ұлы дала тұлғаларын таныту, кітап оқуды насихаттау.
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы оқу эстафетасын Ақтөбе гуманитарлық коллдежі, Ақтөбе мұнай және газ колледжі, Батыс Қазақстан гуманитарлы заң колледжі мен Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің суденттері арасында өткізді.
Шара барысында кітапханашылар биылғы акция барысында таңдалып отырған ақын Сарышолақ Боранбайұлы туралы ақпарат беріп, ақынның шығармаларын насихаттап, жастарға өлеңдерін оқып шығуға кеңес берді. Колледж студенттері ақынның шығармаларын мәнерлеп жатқа айтты. Сонымен қатар «Артында дастан, жыр қалып...» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

Обновлено 29.05.2019 12:16