«Жүрегіме кел қонаққа» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

2019 жылдың 6 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өңірімізден шыққан жас талант, көптеген танымал әндердің сөзін жазған айтыскер ақын Ершат Қайболдинмен «Жүрегіме кел қонаққа» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Ақтөбе өңірінен шыққан жас ақынды, өнерін жас ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру және шығармаларын насихаттау; Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту.

     Ершат Қайболдин - қазіргі хит әндердің, солардың ішінде Нұрболат Абдуллиннің "Сен қорқақсың", Ғазизхан Шекербектің "Еркекпін мен", Серік Ибрагимовтің "Махаббатым", Асхат Тарғынның "Биле жеңге", Қайрат Нұртастың "Сүйсең сүйем" әндерінің сөзін жазып жүрген өңіріміздегі талантты ақын. Ол 1993 жылы 9-мамырда Темір ауданы Шұбарқұдық кенті Қайыңды ауылында туған. «Абай оқулары» байқауынан І-орын алып, алғыс хатпен марапатталған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Шара барысында жастарға ақын Ершат Қайболдин өзінің өмір жолы туралы айтар отырып, жазған өлеңдерін оқып берді. Шараға келген қатысушылар ақынға көкейксті сұрақтарын қойып, өзара пікір алмастырды. Сонымен қатар №36 орта мектебінің оқушылары Мадина Өмірханова мен Аминат Жарбулган ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің 2 курс студенттері Нұрсәт Серікұлы мен Ақниет Жеткірбай сөзін Ершат Қайболдин жазған «Биле жеңге», «Махаббатым» әндерін орындады.
Шарада «Арайлы Ақтөбенің мақтаныштары» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға жас ақындар, Ақтөбе гуманитарлық колледжі мен №34 орта мектебінің оқушылары, оқытушылар мен оқырман қауым қатысты.