«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» көрмесі

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 18 қаңтары күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №34 орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «ISMER» этно-мәдени қолөнер үйірмесінің ағаштан жасалған бұйымдарына «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты көрме өткізді.

     Мақсаты: Ата-бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау, үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу. Төзімділікке және халық өнерін қастерлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

     Шараға қатысқандар: Көшкінбай Нұрмағамбетұлы Ахметов - «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі; Гүлжайнар Нәренқызы Калдина – С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры. №34 орта мектебінің оқушылар мен ұстаздары, кітапханашылар.

     Шара барысында «ISMER» этно-мәдени қолөнер үйірмесінің жетекшісі ДанаМалик Ахметов ағашты өңдеу арқылы эскиздерін сызып. олардан әртүрлі бұйымдардың жасалу жолдарын түсіндіріп айтты. Шараға қатысушылар қолөнер туралы сұрақтарын қойды.

       Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, «Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.