«Қыздар сұлу көрінер өнерімен» шеберлік сағаты

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 4 қаңтары күні сағат11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Сырғалым» клубының мүшелерімен бірге «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты шеберлік сағаты өтті.

     Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру және қол өнерге қызығушылықтарын арттыру. Шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

     Шара барысында кітапханашы Бибігүл Шамеденова жастарға өте ертеден келе жатқан қолданбалы өнер түрі қолмен кестелеп тігуді түсіндіре отырып, үйретті. Сонымен қатар ою-өрнектің үлгілерін жасау, оюдың жиегін кестелеу әдістері мен тоқу әдістері туралы көрсетіп, құрал-жабдықтармен таныстырды. Шараға қатысқан жастар шығармашылық ізденудің нәтижесінде мата, қағаз, былғары, су моншақ, тоқыма құрастыру т.б. әсем түрлі бұйымдарды жасауға қызығушылық танытты.

     Шарада «Шебердің қолы ортақ» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Аяулым Зейнекен библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.