«Менің тұңғыш Президентім» атты Назарбаев оқулары

E-mail Печать PDF

    29 қараша күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

Тұңғыш Президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты Назарбаев оқуларын өткізді.

   Мақсаты: Елбасының ұстанымын, халық үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

 

    Шараға қатысқандар: Ахметов Көшкінбай Нұрмағанбетұлы - Парасат-ғылым қоғамдық бірлестігі, «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі;Балнияз Ақниязұлы Ажниязов – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, зейнеткер; оқу орындарының оқытушылары, студенттер, мектеп оқушылары, кітапханашылар қатысты.

     Шара басталмас бұрын ҚР Гимні орындалды. Шараға жиналған зиялы қауым өкілдері елбасының өмірі, қызметі, еңбектері, елінің

дамуына қосқан үлесі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар іс-шарада Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі, Батыс

Қазақстан Гуманитарлы-Заң колледжі, Ақтөбе Мұнай және Газ колледжі, Ақтөбе экономика, статистика және информатика колледжінің

студенттері елбасыға арнау және оның нақыл сөздерін, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан үзінді оқыды. Ал №24 лингвистикалық

мектеп-гимназиясының оқушылары елбасының балалық шағынан көрініс көрсетті. Шараға белсене қатысқан жастарға Алғыс хат

берілді.

     Шара барысында «Ел бастаған елбасы», «Назарбаев кітапханасы», «Назарбаев еңбектері» слайды көрсетіліп, тақырыпқа сай кітап

көрмесі ұйымдастырылды.

Обновлено 12.12.2018 11:46