«Ақын - елдің ардақтысы» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

       15 қараша күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын Асан Темір Қаршығаұлымен «Ақын –елдің ардақтысы» атты кездесу кеші өтті.

       Мақсаты: ақынның шығармашылығымен жастарды таныстыру, әдебиетті,қазақ поэзиясын насихаттау.

       Шара барысында атыраулық ақын Асан Темір өз қаламынан туындаған жырларын оқыды. Ақын-Индира Кереева, зейнеткер- И.Х.Бөрібаев, кәсіпкер -Қ.Б.Рашид және тағыда басқа оқырмандар мен жас ақындар жүрек жарды лебіздерін арнады.

       Кездесу барысында ақын өзінің өмірі, шығармашылығы жайлы сыр шертіп, жастармен ой бөлісті. Кешке қатысқан Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері, мектеп оқушылары ақынның өмірі шығармашылығы жайында көптеген сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды. Асан Темірдің «Ұлыма», «Пір Бекет ата», «Жетімдерге» тағыда басқа өлеңдері жыр сүйер жастардың орындауында оқылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шара соңында кітапхана директоры Г.Н.Қалдина, ақынға алғысын айтып, қатысушылар естелікке суретке түсті.