«Асқақ рухты Алаш арысы» атты тарихи сағат

E-mail Печать PDF

     9 қараша күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспрімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе мұнай және газ колледжінде мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовқа 120 жыл толуына орай «Асқақ рухты Алаш арысы» атты тарихи сағат өткізді.

     Мақсаты: Алаш қайраткері Жанайдар Сәдуақасов жөнінде ақпарат беру, ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіру арқылы жастардың бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.

     Шарада кітапхана қызметкері Ақниет Көшербайқызы Алаш қозғалысына қатысушы, мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың өмірін деректер келтіре отырып әңгімелеп берді. Сонымен бірге Бекзат Темірбай, Венера Таубаева Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңін мәнерлеп оқыды. Жастар шараға белсене араласып, өз ойларымен бөлісті.

     Шара барысында жастар мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасов туралы деректі фильмді тамашалады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. «Асқақ рухты Алаш арысы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Аяулым Зейнекен библиографиялық шолу жасады.