«Жаңа әліпби – ұлы дәуір бастауы» дөңгелек үстел

E-mail Печать PDF

     2018 жылдың 5 қараша күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа әліпби – ұлы дәуір бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.

     Мақсаты: қоғамымызда латын әліпбиіне көшу жағдайына байланысты өзекті мәселелері және оны шешу жолдарын бірлесе қарастыру, талқылау және ой бөлісу, пікірлесу.

     Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі – қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, тиімді тұстары талқыланды. Дөңгелек үстелде Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» оқытушысы Данагүл Нұрмұхамедова Бегімқызы жиналған қауымды аталған мәселенің тарихымен таныстырып кетті. Сонымен бірге кітапхана қызметкері Ләззат Бултекова латын әліпбиі негізіндегі қазақ әліпбиімен тұңғыш рет жарық көрген «TIL - QAZYNA» республикалық ақпараттық-танымдық газетін таныстырып, кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары латын әліпбиі жөнінде ойларын ортаға салып, өзіндік пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу - болашаққа, жаһандық кеңістікке кірігу құралы екендігі туралы тұжырымдар айтылды.    

     Шарада «Латын әліпбиі – тарихи таңдау» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты.