«Айтыстың жас қыраны» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

     18 қазан күні сағат 14.00-де облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жас ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Халықаралық және Республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Сырым Әуезханмен «Айтыстың жас қыраны» атты кездесу кеші өтті.

     Мақсаты: жастардың Елордамыз Астанаға деген өздерінің сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкерлішілігін арттыруға жол ашу. Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту.

     Кездесу кеші барысында ақын жастармен, кітапханашылармен әңгімелесіп, өзінің қызықты сәттерімен бөлісті.

     Қазылар алқасының мүшесі: Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Халықаралық және Республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері С.А.Әуезхан, Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Г.М.Маханова, ақын, мәдениет саласының ардагері Н.А.Қалауов, Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті А.Е.Дюсенова.

     Шара барысында Астананың 20 жылдығы аясында кітапхана жариялаған «Астана – елімнің жүрегі» атты жастар арасында өткен республикалық байқаудың қорытындысы жарияланып, ақын Сырым Әуезхан байқаудың қазылар алқасының төрағасы ретінде жеңімпаздарды марапаттап, алғыс хат пен сертификаттарын табыстады.

     Байқаудың бірінші шарты: «Астанаға ақ тілек». Қатысушылар өздерінің Астанаға арнаған тілектерін жазбаша түрде жеткізеді. Тілек жазылған парақтың безендірілуіне назар аударылады. Екінші шарты: «Жырым сенсің, Астана» бейне поэзия. Қатысушы Астана туралы белгілі авторлардың немесе өз өлеңін мәнерлеп оқып, оның видеосын CD-дискі, флешка арқылы жолдайды.

   Байқауға барлығы 50-ден аса үміткерлердің жұмыстары қабылданып, қазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушы жеңімпаздар қорытындылау кешіне шақырту алды. Байқаудың жеңімпаздары Бас жүлдеге, 1-орын, 2-орын, 3-орындарға, ақын Сағи Жиенбаев, Бәкір Тәжібаев атындағы арнайы Дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

   Кешке өлкелік ақындар, батыс аймақтық, облыстық, аудандық, қалалық кітапхана қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері және поэзия сүйер жастар қатысты.