«Дана сөздің дарасы - Шәкәрім» атты поэзия сағаты

E-mail Печать PDF

       2018 жылдың 24 шілдесі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына

160 жыл толуына орай «Дана сөздің дарасы - Шәкәрім» атты поэзия сағаты өтті.

       Мақсаты:Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу, ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, туған жерге, ел тарихына, әдебиетіне деген сүйiспеншiлiктi арттыру, жас ұрпақты патриотизмге баулу.

Іс-шарада кітапханашы Қайнақаева Азатгүл ақын, жазушы, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы оқырмандер мен жастарға мағұлмат

берді. Ол Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары екендігі жөнінде айтып өтті. Сонымен

бірге Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік-ағартушылық

арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман - Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары барын айта отырып, ақынның кітаптарын оқуға

кеңес берді.

     Шара барысында оқырмандар мен кітапханшылар ақынның шығармашылығы жөнінде өзара ой бөлісіп, өлеңдер оқыды. Шара барысында

«Шәкәрім мұрасы – мәңгілік мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесінде қаламгердің шығармалары және ол туралы жазылған

кітаптар, баспасөз мақалалары қойылды. Тақырыпқа сай слайд, бейне ролик көрсетілді.Шараға кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты.