«Аллея читающего детство» жазғы оқу залы

E-mail Печать PDF

   2018 жылдың 13 шілдесінде С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ашық аспан астында, субұрқақтың жанында қала тұрғындарына арнап «Аллея читающего детство» атты жазғы оқу залын ұйымдастырды.

   Мақсаты: жазғы демалыс кезінде қала тұрғындарын кітап оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға, қала тұрғындарына ақпарат ұсыну, сонымен қатар қала тұрғындарына кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау.

 

   «Аллея читающего детство» атты кітап көрмесі қалалық мәдениет Үйінің алаңындағы демалушы балалар мен көпшілік оқырмандармен өткізілді. «Сен білесің бе?», «Жан-жануарлар әлемі», «Ғажайып кітаптар әлемі», «Менің ғажайып ертегім», «Қызыл телпек» ертегісі кітаптары қойылып, журналдарды балалар қызығушылықпен оқыды. Және балалар шахмат, шашка т.б ойын түрлерін ойнады. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырылған кітап көрмелері жанында оқырмандарға әдебиеттерді насихаттау арқылы туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты және кітапхана туралы ақпарат беріп, кітапханаға келіп жаңа кітаптармен танысуға, газет, журналдар оқуға, әр түрлі іс-шараларға қатысуға мол мүмкіндік бар екеніндігін айтып өтті.

Обновлено 22.08.2018 09:39