«Бар мейіріміміз балаларға» атты ойын-сауықтық бағдарлама

E-mail Печать PDF

     2018 жылдың 1 маусымында сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ғажап» мүгедек қоғамдық бірлестігімен бірлесе «Бақытты бала» жобасы аясында «Бар мейіріміміз балаларға» атты ойын-сауықтық бағдарламасын өткізді.

   Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, бір-біріне деген қамқор пейілдерін артыра отырып, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

   Адам өміріндегі ең үлкен бақыт - ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы.

   Мереке күніне өткізген кеште "Радуга" тобы ән салып, жасөспірім балалар «Жастар биі» биімен өнер көрсетті. Сонымен қатар «Сәт» тобының әншісі Сапарбай Алтыбай өзінің репертуарындағы «Жаным сені алып қашамын», 80-90 жылдардағы әндерден поппури айтты. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы барша балақайларға сыйлықтар таратты.