«Біз бақытты баламыз» атты ертегілер еліне саяхат

E-mail Печать PDF

2018 жылдың 1 маусым күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері балалар күні мерекесіне орай «Бақытты бала» жобасы аясында №8 «Балбөбек» балабақшасында «Біз бақытты баламыз» атты ертегілер еліне саяхат өткізді.

   Мақсаты: Балақайларға білім мен тәрбие бере отырып, дүниетанымын кеңейтіп, патриоттыққа, адамгершілікке, әділдікке   баулу.

     Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам.

     Айтулы шараға №8 «Балбөбек» балабақшасының балақайлары қатысты. Ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киген кітапхана қызметкерлері «Кірпі мен қоян», «Ұсқынсыз балапан» ертегілерінен көрініс көрсетті. Кітапхана қызметкерлері әженің де бейнесін сомдап бүлдіршіндерге ертегілер айтып берді. Балаларды ортаға шақырып, өлең-тақпақтарын айтқызып, кешті жандандырды. Балалардың ішінде кейбіреулері ән айтып, би биледі. Шараға қатысқан барлық балаларға кітапхана атынан сыйлықтар таратылды.

Ертегі кітаптардан тұратын «Ғажап ертегілер әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.