«Продвижение краеведческой информации: из опыта работы библиотек» атты веб-семинар

E-mail Печать PDF

    С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 19 сәуір күні сағат 12.00-де РФ Ульянов облыстық С.Аксаков атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе «Продвижение краеведческой информации: из опыта работы библиотек» атты веб-семинар өтті.

     Мақсаты: Екі ел арасында мәдени және кітапханааралық байланыстарды нығайту, өлкетану бағытында кітапханашыларымен іс-тәжірибе алмасу.

     Шараға Ақтөбе облыстық С.Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы; Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі; Білім беру мекемелерінің кітапханашылары; Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

     Онлайн-режимінде: РФ Ульянов облыстық В.И.Ленин атындағы облыстық ғылыми кітапханасы; РФ Ульянов облыстық С.Аксаков атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы;

     Шара барысында «Формы работы библиотек по краеведению», «Селолық кітапханадағы өлкетану» тақырыптарында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы өлкетану бөлімінің кітапханашысы Кемалова Алмагүл Сүлейменқызы, қалалық кітапхананың бөлім меңгерушісі Ищанова Қанымша Шамшиева баяндама оқыды. Сондай-ақ онлайн режимінде Ульянов облысындағы әріптестеріміз «Литературная карта Ульяновской области», «Русский мастер слова»: настольная интерактивная краеведческая игра по жизни и творчеству С.Т. Аксакова, «ССимбирчитом по родному краю» тақырыптарында баяндамаларын оқып, іс-тәжірибелерімен алмасты.

     С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы А.Мукашева кітапханамызда өлкетану бағытында өткізілген іс-шараларды слайд арқылы көрсетті және кітапхана қызметкері Хамидуллина Бақтыгүл С.Жиенбаевтың «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқып берді. «Я эту землю родиной зову» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасады.