«Ардагер азамат, ардақты ақын» сыр-сұхбат кеші

E-mail Печать PDF

   14 наурыз күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын Нұрлыбек Қалауовтың 65 жасқа толуына орай «Ардагер азамат, ардақты ақын» атты сыр-сұхбат кеші өтті.

     Мақсаты: ақын Нұрлыбек Қалауовтың шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау, жастарды кітап оқуға баулу.

 

 

 

 

     Шара қонақтары: Нұрлыбек Қалауов –ақын, мәдениет саласының ардагері; Идош Асқар -ардагер журналист; Жолдыбай Айткулов –ақын, сазгер; Жетесовтер отбасы ансамбльі; Гүлстан Хамзина - Облыстық зағип және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры; Гүлназ Қайдасова - «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей интернатының меңгерушісі.  

     Ақын Нұрлыбек Қалауов 1953 жылы Ойыл ауданы Саралжын селосында дүниеге келді. Оның «Таразы жүрек», Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты кітаптары жарыққа шыққан. Көп жылдар бойы білім, мәдениет саласында басшылық қызмет атқарған.

       Кітапханашылар ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Кеш қонақтары мерейтой иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Шара барысында жыршы, ақын Баянғали Әлімжановтың арнайы дайындаған жүрек жарды құттықтауы бейнебаян арқылы тамашаланды.

     Сыр-сұхбат кешінде Н.Қалауов өзінің балалық шағына шолу жасап, қызықты естеліктерімен бөлісті. Жастар ақынның өлеңдерін оқып, көңілді әндер орындады. Жетесовтер отбасының «Шашу» ансамбльі Құрманғазының күйі «Балбырауын» және тағыда басқа күйлерді орындап, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Ақынға арналған слайд көрсетіліп, «Ақын елдің ардақтысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей интернатының, №39 орта мектептің оқушылары мен оқытушылары және кітапханашылары қатысып, жақсы көңіл-күймен тарады.