«Алаш қозғалысы: тарихы мен тағылымы» атты конференция

E-mail Печать PDF

      20 қазан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алаш партиясының 100 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағылымы» атты конференция өтті.

     Мақсаты: Алаш партиясы жөнінде ақпарат беру, ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіру.

     Шараға қатысушылар: Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы – Г.М.Маханова; Облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері-Б.Мырзабай; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих магистрі-С.С.Сағындықова; ақын, жазушы, публицист,Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Адырна» республикалық журналдың бас редакторы- М.Ақдәулетұлы; «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі –К.Н.Ахметов; ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі -Г.Ә.Қуанышева; ақын, сазгер, «Бәкір Тәжібаев» атындағы қордың директоры –О.Бәйсеңгір; «Жеке кәсіпкер» - С.Ш.Өзбекбаев, Облыстық, қалалық, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің директорлары, жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімдерінің кітапханашылары, облыстық мемлекеттік архив қызметкерлері, «Алаш туы астында»атты аймақтық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары т.б.

       Конференцияны Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасының бас маманы Г.Маханова ашты. Кітапхана қызметкері Хамидуллина Бақтыгүлдің жүргізуімен конференция жалғасты.

Шара барысында Ақтөбе облыстық мемлекеттік архив қызметкерлері «Алаш қайраткерлері туралы архив деректері» атты архивте сақталған құжаттармен таныстырды. Мұғалжар аудандық кітапхана «Есімі ел есінен шықпайды» атты баяндамалар оқыды. С.Бәйішев атындағы ОӘҒК кқызметкері «мемлекеттік рәміздер- және патриотизм» атты баяндама оқыды. С.Жиенбаев атындағы кітапхана қызметкерлері Алаш зиялыларының еңбектерін насихаттады.

       С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Алаш» партиясының 100 жылдығына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арнап «Алаш туы астында»атты аймақтық жас ақындар мүшайрасын жариялаған болатын.

Мүшәйраның мақсаты: Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіру жастардың бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау, жастардың Қазақ елінің тарихын білуіне, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу. Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту, және сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу, жас таланттар мен дарынды ақындарды ынталандыру.

Мүшәйра тақырыптары: 1.«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» (1 өлең)2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне -25 жыл (1 өлең)

3. Еркін тақырып (1 өлең). Осы тақырыптар бойынша аймақтардан, аудандардан жас талантты ақындардың өлеңдері келіп түсті. Мүшәйраға түскен жұмыстар ақын М.Ақдәулетұлы мен, Г.Әбішқызы және Г.Калдина сараптап жеңімпаздарды анықтады. Конференция барысында мүшайраның қорытындысы жарияланды.

     1 орын - Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы аудандық мәдениет үйіндегі мәдени шаралар ұйымдастырушысы- Асхат Бекторғанбекұлы Аймағанбетовке бұйырды.

     2 орын - Орал қаласы, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлкеттік университетінің филология факультетінің студенті. Ниязбаева Асылай Қайрошқызына берілді..

     3 орынды- Орал қаласы, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-курс студентіТөлеуов Мадияр Жалғасұлы алды.

     Сағи Жиенбаев атындағы арнайы жүлдені иеленген Мұханов Жаңажол Ақтөбе облысы, Мәртөк аудандық мектептің 10 класында оқиды. Жаңажолға сыйлықты ақын Сағи Жиенбаевтың туысы, «Жеке кәсіпкер»   Өзбекбаев Самат Шымбайұлының демеушілігімен табысталды.

       Бәкір Тәжібаев атындағы арнайы жүлдені иеленген Жаңабергенова Әсел Серкебайқызы Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің 11 «Ә» класс оқушысы. Оған сыйлықты «Бәкір» атындағы қордың директоры, ақын, сазгер Орал Бәйсеңгір қордың атынан табыстады.

   Жеңімпаздардың құрметіне ән шырқалып, би биленді. Келген қонақтарға түскі ас дайындалды. Конференция аяқталған соң күннің екінші жартысы «Поэзия әлеміндегі жастар» атты поэзия кешімен жалғасты. Оған кітапхана жанынан құрылған «Аққауырсын» клубының мұшелері, поэзия сүйетін жастар, «Алаш туы астында» атты аймақтық жас ақындар мүшайрасының жеңімпаздары қатысып өлең оқиды. Шара соңында ауданнан, аймақтан келген мүшайра жеңімпаздары қаламыздағы мәдениет және өнер мекемелеріне саяхат жасады.