«Рухани келісім-тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел

E-mail Печать PDF

       2017жылдың 18 қазанында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен «Жарық» ақпараттық –консультативтік орталығымен бірлесе Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім-тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Діни тұрақтылықты дәне конфессияаралық келісімді нығайту.

       Шараға діни, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, әр түрлі дін басшылары қатысты.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміз бейбітшілік пен тұрақтылыққа, ұлтаралық келісімге қол жеткізіп отырғанын айтты. Рухани келісімнің арқасында елімізде түрлі ұлт өкілдері діни наным-сенімдерінің сан алуандығына қарамастан қалыпты тірлік кешуде.

Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен ғана емес, пейліміздің кеңдігімен де, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз.

Шараға арнап кітапхана ұжымы «Бірлікке ұйыған елге-береке ұялайды» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Дөңгелек үстел аяқталған соң қатысушылар мен кітапхана ұжымы, студенттер ағаш отырғызу акциясын өткізді. Шараға БАҚ өкілдері де қатысты.