«Мерейтойлық кітаптар» атты кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

   

     С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония алдындағы саябақта, субұрқақтың жанында «Экспо - 2017» халықаралық көрмесі аясында, ҚР Рәміздеріне 25 жыл, Алаш партиясына 100 жыл толуына орай Ақтөбе облысының 85 жылдығы аясында «Мерейтойлық кітаптар» тақырыбында мерейтойлық кітаптардан кітап көрмесін ұйымдастырды.

           Мақсаты: мерейтойлық кітаптарды оқырмандарға кең көлемде насихаттау, жазғы демалыс кезінде қала тұрғындарын кітап оқуға шақыру, сонымен қатар қала тұрғындарына кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау.

     Жаз, демалыс айы болғандықтан субұрқақтың жанында кітап көрмесіне қызығушылық танытып, көрмемен танысқан оқырман саны көп болды.

Көрмеге М.Әуезовтың «Абай жолы», С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз», І.Есенберлиннің «Қатерлі өткел», С.Мұқановтың «Сырдария» атты кітаптары қойылды. Кітап көрмесімен кітапхана қызметкері Хамидуллина Бақтыгүл Бақытжанқызы таныстырды.

     Кітапхана директорының орынбасары Кудасова Үржан Құрманқызы қала тұрғындарына кітапхана туралы ақпарат беріп, мерейтойлық кітаптарды үйге алып оқуға, кітапханаға келіп жаңа кітаптармен танысуға, газет-журналдар оқуға, әр түрлі іс-шараларға қатысуға мол мүмкіндік бар екендігін айта келе кітапхана қызметі туралы ақпараттық, жарнамалық парақшалар таратты.

Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты. Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. Рас, кітапты көп оқыған адамның өмірі мәнді де, сәнді өтеді.