«Имандылы-инабаттылық мұраты» атты діни-танымдық сағат

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 21 маусымы күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Имандылық-инабаттылық мұраты» атты діни-танымдық сағаты өтті.

Мақсаты: жас ұрпаққа рухани – тәлімдік тәрбие беру, жастарға Ислам дінінің негіздерін түсіндіре отырып, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы Құрымбаева Лариса Ислам дінінің тарихына тоқталып кетті. Ақтөбе қалалық орталық мешітінің найб имамы Умбетов Шынболат Әлімқұлұлы Ислам дінінің негізгі бағыттары мен құндылықтары жайлы, «Құран» кітабы туралы, кері тартпа ағымдарды алдын алу, имандылық туралы уағыздар айтты. Сонымен қатар айлардың сұлтаны Рамазан айы мен, түндердің сұлтаны Қадір түнінің қасиеттері туралы мағұлмат берді. Жастар имамға көптеген сұрақтар қойып тұшымды жауап алды. Кітапхана қызметкері Кенжебаева Арайлым М.Мақатаевтың «Бүкіл дүние мұсылмандарына хат» атты өлеңін оқыды.

Сондай-ақ, «Қасиеті мол – Рамазан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге М.Исаұлының «Ислам ғылымхалы», К.Хасановтың «Таным мен тағылым», «Дін мен діл», Ә.Дербісаәлінің «Қазақстанның мешіттері мен медреселері» және тағыда басқа кітаптар мен газет-журналдар қойылды. Сонымен қатар «Дін негізі - имандылық» атты слайды көпшіліктің назарына ұсынылды. Кітапхана ұжымы ораза ұстаушыларға, имамға ауыз ашар берді. Шара мазмұнды да мағыналы өтті.