«Кітап –әлемге жол ашады» жылжымалы кітап

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 20 маусымы күні сағат 14.00 –де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері ҚР рәміздерінің 25 жылдығы аясында «Ақтөбе қаласындағы сал азаматтарды қорғау»орталығының мүшелеріне арнап «Кітап –әлемге жол ашады» атты жылжымалы кітапхана ұйымдастырды.

Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларға және жасы келген адамдарға кітапхананың кітап қорын еркін пайдалануға көмек беру, кітапқа қызығушылықтарын арттырып, кітапханаға баулу, ертеңгі өмірге сеніммен қарауға үйрету.

Кітапхана қызметкері Бөлтекова Ләззат кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Оқырмандарды түрлі ақпараттармен: кітап қорымен, жаңа   кітаптармен, мерзімді басылымдармен таныстырды. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері жөнінде толық мағлұматтар беріп, викториналық сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, орталыққа «Оқы және өзгеге ұсын» кітап марафоны аясында 100 кітап сыйға тартты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға зейін қойып тыңдағандары үшін ризашылығын білдіріп алдағы уақытта бірлесіп түрлі шаралар өткізетіндігін жеткізді.