«Есет ата рухына –тағзым» тарихи-танымдық cағат

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 8 маусымы күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығына орай батыр бабаның кесенесі жанында «Есет ата рухына –тағзым» тарихи –танымдық сағат өткізіп, баба рухына тағзым етті.

Мақсаты: Бүгінгі егемендігіміздің арқасында ел үшін жанын құрбан еткен батыр бабаларымызды еске алып, келешек ұрпаққа өнеге көрсету.

Есет Тама Көкіұлы – өз заманында елдікті жоғары қойып, қазақ халқының азаттығы, бірлігі үшін күресіп, үш  жүздің басын қосып тұтас бір ел болуға үлес қосқан, еліміздің тарихында өшпес із қалдырған батыр тұлғаларымыздың бірі.

Кітапхана қызметкерлері батыр баба рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Одан кейін мемориалдық кешенінде «Ұраны Қарабура Есет батыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырып шолу жасады. Қазіргі күнде еліміздің, жеріміздің тұтас болуы, халқымыз қанша қиыншылықты бастан кешірсе де болашаққа сеніммен қарауы сол тұлғалардың арқасы. Сондықтан олардың есімдерін жас ұрпаққа таныту, оларды құрметтеуге, тағзым етуге бағытталған игі шаралармен байланысты екендігін кітапханашылар айтып берді. Сонымен қатар, ақын С.Жиенбаевтың Есет батырға арнап шығарған «Батыр бабамен сырласу» өлеңін оқыды.