«Ерлік –елге мұра, ұрпаққа ұран» флешмоб

E-mail Печать PDF

2015 жылдың 5 мамыр күні сағат 11-00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңістің 70 жылдығына орай, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық  филармонияның алдындағы алаңда  жастар мен жасөспірімдер арасында «Ерлік –елге мұра, ұрпаққа ұран» атты флешмоб ұйымдастырды.

 

Мақсаты- Бұл флешмоб арқылы біздер бабаларымыздың, аталарымыздың бізге сыйлаған бақытты балалық  шақ үшін баянды болашақ үшін алғыс айтқымыз келеді. Ұлы тұлғалардың ел қорғау жолындағы ерлік істерін ұғындыру, патриоттық сезімге баулу. Жеңіске деген рухты ояту. Тәуелсіз бейбіт елдің қадір қасиетін жастарға ұғындыру.

Қатысушылар:

            Ермұқан Қыдырғали Мұхитұлы - Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары.

           Орта және арнаулы оқу орындарының  әскери дайындық пәнінің оқытушылары.

           Қожахметов Мәдикәрім Жақыпұлы – алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы;

$1-       Бекмұратов Хасен Абрешұлы-алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы;

$1-      Жарылқасынов Бауыржан Әміржанұлы- алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы;

$1-          С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы.

сонымен қатар қаламыздағы №36, №47,№34, №40,№16, №26  қазақ және орыс орта мектептерінен барлығы 120 оқушы қатысты.

Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде еліміздің тарихына байланысты елдің есінде мәңгілікке қалған айрықша мәнді оқиғалар негізге алынады. Осындай маңызды тарихи оқиғалардың бірі 1941-1945 жылдары Ұлы Отан үшін болған  соғыста, елі үшін, жанын пида еткен батырларды жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету–біздің, қазіргі жасұрпақтың ең басты парызы.

Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.М.Ермұқан шараны ашып, жиналған жастарды Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, ашық аспан, бейбітшілікпен ел тыныштығын тіледі.

Кітапхана қызметкерлері Кенжебаева Арайлым, Бекеева Жанат, Хамидуллина Бақтыгүл танымал ақындардың Отан, Жеңіс туралы «Соғыстың соңғы оқтары», «Жеңіс құдіреті» т.б. өлеңдерді оқыды.

«Ұлы жеңіс даңқы мәңгілік!»,  «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» «Жеңістің 70жылдығы құтты болсын!» деген ұран сөздер айтылды. «Жеңістің 70 жылдығы» логотипі жапсырылған үлкен шар, бұдан бөлек арнайы әзірленген 70-100 дана түрлі-түсті  шарлар көкке ұшырылды.

Ұлы Жеңіске арналған  «День победы», «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген», «Катюша», «Смуглянка» әскери  әндерге,  әскери киім киген жастар флешмоб билейді. Жастардың қатысуымен өтетін флешмоб ұран сөздермен аяқталды.