«Тұғыры биік - Тәуелсіздік»

E-mail Печать PDF

«Keruen City» сауда, ойын-сауық орталығында өткен «Тұғыры биік –Тәуелсіздік» атты үш күндік кітап фестивалін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қорытындылады.

       Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылына орай ұйымдастырылған мерекелік іс шараны «Ербақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, жастарды отаншыл болуға, кітап оқуға шақырды. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жанынан ашылған «Гүлдер-Айым» би ансамблі мың бұрала би билеп, «Асыл ай» тобы «Тәуелсіз елім», «Туған ел» әндерімен кештің сәнін келтірді.Мерекелік кеш барысында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы өлкеміздің мәдени-рухани дамуына ерекше үлес қосып, көп жылдардан бері еңбек етіп келе жатырған бір топ мәдениет және өнер қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

  

 

Кітапханашылар мен оқырмандар «Даналық дефилесі» атты авторлар мен кейіпкерлер шеруін өткізді.Сондай-ақ қаламыздағы колледж студенттері, мектеп оқушылары өнер көрсетіп, белсенділік танытты. Жыр сүйер жастар «Библиокафеде» өлең оқып, әдеби мәзірімен танысып, «Жыр шырынынан», «Поэзия винегредінен» дәм татты. Ән-жыр айтылып, көптің қызығушылығын арттырған шара, кітапханашылардың флешмоб биімен, «Сыр сандық» әдеби ойындарымен ұласты. «Сырғалым» кітапханалық қыздар клубының мүшелері мен қаламыздағы қолөнер шеберлерінің көрмесі жасақталып, шеберлік сағаттары өткізілді. Спорт сүйер жастарға Грек-Рим күресінің спорт шеберлері, Азия және әлем ойындарының жүлдегері Дәулет Жалғасов шәкірттерімен спорттың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.

       «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың» атты кітап көрмесі таныстырылып, кітап инсталляциясы ұйымдастырылды. Шара барысында өнер көрсетіп белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

«Тұғыры биік - Тәуелсіздік»

       Областная юношеская библиотека имени Саги Жиенбаева в торгово-развлекательном центре «Keruen City» подвела итоги трехдневного книжного фестиваля «Тұғыры биік-Тәуелсіздік».

       Праздничное мероприятие, посвященное 30-летию дня Независимости РК, и года поддержки «детского и юношеского чтения в Казахстане» открыл председатель спортивно-патриотического клуба «Ербақыт» Марат Койлыбаев, который поздравил всех с праздником и призвал молодежь быть патриотами, читать книги. Открывшийся при Актюбинском гуманитарном колледже ансамбль танца «Гүлдер-Айым», развлекала присутствующих казахскими национальными танцами, группа «Асыл-Ай» украсила вечер песнями «Тәуелсіздік елім», «Туған ел». В ходе праздничного вечера руководитель Управления культуры, архивов и документации Актюбинской области Алтынай Юнисовна наградила благодарственными письмами работников культуры и искусства, которые внесли особый вклад в культурно-духовное развитие нашего края. В ходе мероприятия библиотекари и читатели провели литературный парад «Дефиле книг» авторов и героев книг. Также активно принимали участие студенты колледжей, школьники нашего города, которые выразительно прочитали свои стихи в «Библиокафе». Это мероприятие вызвало большой интерес у жителей и посетителей кафе,а также сопровождалось танцевальным флешмобом библиотекарей, литературными играми «Сыр сандық». Были проведены часы работы мастеров прикладного искусства нашего города и представителей женского рукодельного клуба «Сырғалым».

       Была организована книжная выставка «Тәуелсіздік биік болған тұғырың», а также книжная инсталляция. Активные участники мероприятия были награждены благодарственными письмами. Для любителей спорта, мастер спорта по греко-римской борьбе, призер Азиатских и мировых игр Жалгасов Даулет продемонстрировал свои спортивные навыки.

  

 

Обновлено 21.12.2021 12:38