«Өнерді қанат еткен жан»

E-mail Печать PDF


       2021 жылдың 26 қазаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Шапағат» қайырымдылық клубының мүшелерімен бірлесе бұрынғы «Сәт» тобының әншісі, Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің музыкалық сүйемелдеуші қызметкері,«Шаттық» вокалдық тобының жетекшісі Алтыбай Сапарбай Абайұлымен «Өнерді қанат еткен жан» атты кездесу кешін өткізді.

       Мақсаты: Әнші Сапарбай Абайұлының шығармашылығын таныту, жас толқынға үлгі ету. Жетістікке жеткен істерімен таныстырып, қазақтың мәдениетін, өнерін, әдебиетін насихаттау.

  Кеш барысында Сапарбай Абайұлы өмір жолын айта отырып, жетістіктерін, жасаған еңбектерімен таныстырды. Шараға келген жастар әнші Сапарбай Абайұлына көптеген сұрақтар қойып, қызықты әңгімелер естіді. Сондай-ақ ол өз саласы бойынша қалай жетістікке жеткені жөнінде ой өрбітіп, мақсатқа жету жолындағы қиындықтары мен қуаныштарын бөлісті. Сонымен қатар Сапарбай Абайұлының орындауында әсем әндер тыңдалды. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Нәренқызы Сапарбайға жылы лебізін айтып, естелікке сыйлық берді.

     Кеште тақырыпқа сай көрмесі жасақталып, көрмеге Гүлнұр Ергенқызы библиографиялық шолу жасады. Бейнеролик, слайд көрсетілді. Шараға мүмкіндігі шектеулі жандар мен оқырман қауым, кітапханашылар қатысты.

 

«Өнерді қанат еткен жан»

     26 октября 2021 года в 11.00 в областной юношеской библиотеке имени С.Жиенбаева совместно с членами благотворительного клуба «Шапагат» прошла встреча Өнерді қанат еткен жан»с бывшим солистом группы «Сәт», музыкантом Дома культуры Актюбинского общества слепых, лидером вокальной группы «Шаттык» Сапарбай Абайұлы Алтыбай.

       Цель: показать творчество певца Сапарбая Абайұлы, подать пример подрастающему поколению. Пропаганда казахской культуры, искусства и литературы путем представления их достижений.

       Гость вечера Сапарбай Абайұлы рассказал о своей творческой жизни и достижениях. Учащиеся, читатели мероприятия задавали певцу, гостю библиотеки множество вопросов, прослушали лучшие песни в исполнении Сапарбая под гитару. Он также рассказал о том, как он преуспел в своей области, и поделился своими радостями и победами на различных конкурсах. Директор областной юношеской библиотеки имени С.Жиенбаева Гульжайнар Нареновна тепло поздравила Сапарбая Абайұлы за встречу с читателями и подарила гостю памятный подарок.

     К вечероу была организована книжная выставка по данной теме, ведущая вечера Гульнур Ергеновна провела библиографический обзор выставки. Показан видео, слайд-шоу. В мероприятии приняли участие люди с ограниченными возможностями, читатели и библиотекари.

        

Обновлено 08.12.2021 09:49