«Жастар тәрбиесі тал бесіктен»

E-mail Печать PDF

 

2021 жылдың 13 қазаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Жастар тәрбиесі тал бесіктен» атты дөңгелек үстел өткізді. 

       Дөңгелек үстелге «Нұр-Ғасыр» мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі - Қошқарова Кенжегүл Құрманғалиқызы; «Нұр-Ғасыр» мешітінің әйел-қыздар секторының баспасөз хатшысы - Тәжікова Ақтолқын Орысбайқызы; №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы, №36 орта мектебінің оқушылары мен кітапханашылар, оқырмандар қатысты.

Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып ата - дәстүрін танып білуге, ардақтауға құрметтеуге тәрбиелеу;

 Имандылық пен адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.Дөңгелек үстелді кітапханашы Жанат Нұрымқызы жүргізді. Дөңгелек үстелде бүгінде тәрбиенің қоғам үшін, жалпы, адамзат үшін маңыздылығы және осы қоғамда, әр отбасында тәрбиені дамытуда қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігі жайында сөз қозғалып, жасөспірімдерге ой салар түрлі әңгімелер айтылып, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар «Нұр-Ғасыр» мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі Кенжегүл Құрманғалиқызы жат ағымдардан қалай сақтану керектігі жайында толыққанды түсіндіріп өтті. Шараға қатысушылар арасында пікірталас туындап, талқыланды.  

Сондай-ақ мағыналы видеоролик көрсетілді. Қатысушылар құнды мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті. 

«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Шырайлым Құдасова библиографиялық шолу жасады 

 

  13 октября 2021 года в 11.00 в областной юношеской библиотеке имени С.Жиенбаева прошел круглый стол на тему «Жастар тәрбиесі тал бесіктен».

  В работе круглого стола приняли участие заведующая женскимсектором мечети «Нур-Гасыр» - Кошкарова Кенжегуль Курмангалиевна; Пресс-секретарь женского сектора мечети «Нур-Гасыр» - Тажикова Актолкын Орисбаевна, а также учащиеся лингвистической школы-гимназии №24, старшеклассники шк.№36, библиотекари, читатели

   Цель: научить молодежь знать и уважать традиции своих предков, прививая им духовное богатство нашего народа; воспитывать нравственность и порядочность, учиться на народных пословицах, быть вежливыми и обходительными.

   Вела круглый стол библиотекарь Жанат Нурымовна. В своей речи заведующая женским сектором мечети «Нур-Гасыр» Кенжегуль Курмангалиевна подчеркнула огромную пользу культурно-массовых мероприятий и встреч духовно-нравственного характера для подрастающего поколения. Молодым людям наобходимо быть разносторонне образованными людьми. Они будущее нашей родины. Именно от них зависит гармоничное развитие нашего общества.

       К мероприятию было показано содержательное видео, была  организована книжная выставка на тему «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі», библиографический обзор выставки провела сотрудница библиотеки  Шырайлым Кудасова.

 

 

Обновлено 08.12.2021 09:26