«Жолдау – жаңа көкжиектерге бастайды» атты ақпараттық сағат

E-mail Печать PDF

    2021 жылдың 14 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @biblioteka_zhienbaeva инстаграм парақшасында тікелей эфирде «Жолдау – жаңа көкжиектерге бастайды» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Мақсаты: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау, әр оқырманның жүрегіне жеткізу.

    Онлайн іс-шарада кітапханашы Назерке Жолдиева жолдаудың негізгі 5 бағыттарына тоқталып, жолдауда қамтылған бөлімдер туралы мәлімет берді. Онлайн тамашалаған оқырмандар тікелей эфирге қосылып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар шара барысында          «Жолдау – жаңа кезеңге жол ашады» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.