«Қазақ поэзиясының құлагері» атты поэзия кеші

E-mail Печать PDF

    2019 жылдың 5 желтоқсан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Коворкинг» орталығында сағат 11.00-де «Ақ қауырсын» клубының мүшелерімен бірге қазақтың көрнекті ақыны І.Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының құлагері» атты поэзия кеші өтті.

     Мақсаты: ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын насихаттау. Жастарды поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Поэзия кешін жүргізген Лаура Ерікқызы Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен прозалық, драматургиялық шығармалары туралы ақпарат берді. Поэзия кешіне қатысушы жастар ақынның «Шаттық жыры», «Арман», «Жаңылғаным», «Алатау», «Қазақ қазынасы», «Ағынды менің Ақсуым», «Домбыра», өлеңдерін нақышына келтіре оқыса, «Ақ қауырсын» клубының мүшесі Асем Қайрошова ақынға арнап өз қаламынан туған арнауын оқыды.
     Шара барысында «Қазақ поэзиясының құлагері» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Шынар Кошанова библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің, Батыс Қазақстан гуманитарлы-заң колледжінің студенттері мен «Ақ қауырсын» клубының мүшелері, оқырман қауым, кітапханашылар қатысты.