Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Алтын өлке» клубы

Жалпы ережелер:

  • Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын ояту;
  • Рухани, білімге деген жəне күнделікті (əлеуметтік-тұрмыстық) қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Оқырмандардың шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жəне бос уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасау;

Әлем тарихын білгенімен, ауылының тарихын білмейтіндер жоқ емес. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде орта мектепте туған жердің тарихын оқу патриотизмнің ең жақсы үлгісі екенін, туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертетінін атап өтті. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері барын, осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс екенін де айтқан болатын.Біздің өлке – аса көрнекті мәдениет және өнер шеберлерінің отаны.

Жас ұрпақты туған жер, ел оның тарихы мен табиғатын, батыр мен ақыны, тарихтағы тұлғаларды үлгі ету, сүйікті қаламыздың әсемдігі арқылы тәрбиелеудің берері көп болып табылады. Біз – Тәуелсіз елміз. Өзіміздің қазақ екенімізді, тарихы мол шежірелі ұлт екенімізді көрсетуіміз үшін осы жолда еңбегін аямай төккен тұлғалардың тарихқа қандай үлкен үлес қосқандарын, олардың өлшеусіз еңбектерін тек біліп қана қоймай, сонымен қатар өз оқырмандарымызға ақпаратты жеткізе жүруіміз керек. Осы жолда ұлттық өнегеміз ұрпақ бойында көрініс тапса, біздің жұмысымыздың нәтижесін көргендей боларымыз анық.

Клубтың мақсаттары мен міндеттері:

Өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау және мәдени мұрасын өркендету.

«Алтын өлке» өлкетану клубының ұраны:

Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!

© Бәкір Тәжібаев                                         

Бағыты:

  • Өлке туралы білу, өткенге деген қызығушылықты дамыту, өз Отаны және оның тарихы мен мәдениетін ұғынудың келесі сатысы болып табылады. Өлкетанудың мазмұны қоғам алдында тұрған оның өмірінің белгілі бір кезеңінің мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады.
  • Өз өлкесіне деген қызығушылықты дамыту, кіші Отанға махаббатпен және ұқыптылықпен қарауды тәрбиелеу, қызықты адамдармен кездесулерді ұйымдастырып өткізу, туған өлкенің ақын-жазушыларының шығармашылығымен таныстыру.
kkKZ