5 мамыр күні сағат 12.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына орай «Елді қорғар ерің бар» атты мерекелік кеш өткізілді.
Шараның мақсаты: Отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін қорғау бүгінгі таңда әрбір Қазақстандықтың қасиетті борышы екенін ұғындыру.







2017 жылдың 27 сәуір күні сағат 11.00. де С. Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Қазақстан – достық мекені» атты танымдық сағат өткізілді.
2017 жылдың 25 сәуірі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Елбасы мақаласы-жас ұрпаққа бағыт береді» атты тақырыптық сағат өткізілді.
2017 жылы 21 сәуір күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі және Ақтөбе облысының 85 жылдығы қарсаңында 23 сәуір-Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай №15 бағыттағы автобуста «Оқитын автобус» акциясын ұйымдастырды.

