Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қара сөздің хас шебері»

2022 жылдың 2 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Қара сөздің хас шебері» атты әдеби кешін өткізді.

Мақсаты: Жас ұрпаққа жазушының өмір жолы мен  шығармашылығын таныстыру. Жазушының шығармаларын, кітаптарын оқырман қауымға насихаттау. Қазақ әдебиетіне деген жастардың ынтасын арттыру.

Кеш қонақтары: Ертай Ахатұлы Ашықбаев – Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы сыйлығының иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Жақсылық Айжанов – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ақтөбе» телеарнасының ардагері; Нұрдаулет Кабасов – жас ақын, Қажығали Мұхамбетқалиұлы атындағы сыйлықтың иегері; Әлихан Жақсылық – жас жазушы, Бәкір Тәжібаев атындағы сыйлықтың иегері; Көбеген, Шоқан Мұқұлұлы Ермұханбетовтер – немере інілері; Гүлжайнар Нәренқызы Калдина – С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы

Қажығали Мұханбетқалиұлы 1942 жылы Байғанин ауданында туылған. Жазушының «Жұлдызды түндер», «Тоғай сыбдыры», «Жаңғырық», «Старые друзья», «Қайдасың сен махаббат», «Сырым Датұлы», «Тоғысар арнамыз бір толғағанда», «Тар кезең» атты кітаптары жарыққа шыққан. Сонымен қатар шет ел жазушыларының кітаптарын қазақшаға аударған.

Кеш барысында ақын-жазушылар Қажығали Мұханбетқалиұлы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның туындылары, соның ішінде 2012 жылы жарық көрген «Тар кезең» тарихи романы жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар №60 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Алихан Батирканов «Ерке сылқым»  күйін тартса, Жанерке Ниязбек, Гүлназ Мұрат сынды оқушылар өлең оқыды. Жастар сауалдар қойып, өз-ойларымен бөлісті.

Іс-шараның басында жүргізуші Лаура Ерікқызы Сұлтанбекова жазушының өмірбаянымен және шығармашылық қызметімен таныстырды. Одан ары қарай шарада Қажығали Мұханбетқалиұлы жөнінде бейнебаян көрсетіліп, «Кемеңгер елдің көркем жазушысы» атты ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге жазушының  кітаптары, мерзімді басылымдар қойылды.

KZ