Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ымырттағы кітапхана»

2022 жылдың 21 қазаны күні сағат 18.00-21.00 аралығында «Кітапханашылар» күніне орай С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік-мәдени шарасын өткізеді.

Мақсаты: Оқырмандарды, жасөспірімдерді кітапқа жақындату, кітап оқуға шақыру. Бос уақыттарын тиімді өткізу.

Кешке 6655 әскери бөлімінің сарбаздары, колледж студенттері, оқырмандар, мектеп оқушылары, кітапханашылар қатысты.

Ымырттағы кітапхана өзінің сүйікті оқырмандарына жақсы көңіл-күй, минералды-позитивтік қарым-қатынас, шығармашылық әрі тез меңгеретін пайдалы білім көздерін дайындады.

Оқырмандар түн ауғанша кітапхананы емін-еркін аралап, кітапхана қызметкерлері дайындаған түрлі тосын сыйларға куә болды. Кітапхана түні «Алтын күз аллеясы – 2022» қыздар арасындағы сайыспен басталды. Сайыста әділқазы алқасы ардагер ұстаз-ғалым, Ақтөбе облысында «Туризм және Ақтөбе облысында экотуризмді дамытудың жолдары» атты кітабының, «Экотуризм әкелетін миллиондар» ғылыми еңбектің авторы Серғалиева Райгүл Ақтөреқызы, Қалалық мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі Жанәділова Ақбөбек Жолдығалиқызы, 6655 әскери бөлімінің командир лейтенанты Еркебұлан Сатыбалды, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Калдина Гүлжайнар Нәренқызы болды.

Сайыста қыздар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берді. Кеште әртүрлі мазмұн бойынша іс-шаралар: «Библиокафе» поэзия кеші, «Көлеңкелі кітап» қойылымы, кітап алмасу жәрмеңкесі, үстел ойындары, викториналар, «Kahoot» интеллектуалды ойындар, музыкалық бағдарламалары өтті. «Ақ қауырсын», «Алтын өлке» клубтарының қатысуымен «Библиокафе» әдеби лирикалық кешінде өлең-жырдан маржан шашып, поэзияны жақсы көретін, бағалайтын, көрермендер сүйікті өлеңдерімен, кештегі эмоцияларымен  қуана  бөлісті. Қаламыздың студент жастары, мектеп оқушылары, кішкене бүлдіршіндер флешмоб билеп,  интеллектуалды ойындарға қатысты. Кеш соңында «Алтын күз аллеясы» қыздар арасындағы сайыстың жеңімпаздарын, белсене қатысқан оқырмандарды Диплом, Алғыс хатпен марапаттап, естелікке сыйлықтар берді. Тақырыпқа қатысты кітап көрмелері қойылды.

KZ