Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Темірбек Жүргенов – тарихи тұлға»

2022 жылдың 27 қыркүйегі күні сағат 12.30-да С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 124 жыл толуына орай «Темірбек Жүргенов – тарихи тұлға» атты тарихи сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға мемлекет қайраткері және журналист Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметін таныстыру, ел үшін жасаған ерен еңбегін жас ұрпаққа насихаттау.

Темірбек Жүргенов Қараұлы – Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.

Темірбек  Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады. Ол 1898 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз уезінің «Басықара» деген жерінде дүниеге келген.

Шара барысында кітапханашы Лаура Ерікқызы оның ел мүддесі үшін атқарған ерен еңбегі қазақ тарихында мәңгі сақталатынын, кейінгі ұрпаққа үлгі болатыны туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар 8 класс оқушылары Сейт Дияр мен Парасат Арнұр өлең оқып, балалар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

«Қазақтың асыл перзенті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Гүлнұр Ергенқызы библиографиялық шолу жасады.Тақырыпқа сай слайд көрсетілді және «Тарих.Тағдыр.Тұлға» атты деректі фильмді тамашалады.

KZ