Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі
Бөлімнің басты міндеті мен қызметі-білімнің түрлі салаларын қамтитын түрлі басылымдарды жинақтау, яғни кітапхананың кітап қорын толықтыру. Оқырмандардың сұраныстары негізінде әдебиетке тапсырыс береді. Кітапхананы әдебиеттермен толықтыру және өңдеу заманауи талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа түскен әдебиеттер “WEB РАБИС” бағдарламасы бойынша электронды каталогқа енгізіледі. Сонымен қатар, жинақтау және өңдеу бөлімі алфавиттік, жүйелік, қызметтік каталогтарды жүргізеді.
Негізгі кітап қорын толықтыру көздері кітап дүкендері, арнайы баспалар, мерзімді басылымдарға жазылу, арнайы орталықтар, жеке тұлғалар, жергілікті ақындар мен жазушылар мен зиялы қауым өкілдері сыйға тартқан кітаптар есебінен жүргізіледі.
Кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен, дәстүрлі емес ақпарат көздерімен, компакт-дискілермен, бейне-аудиокассеттермен, электрондық оқулықтармен толықтырылады.